Мәжіліс қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері туралы келісімді қарайды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Құжатта өткізу пунктінің жұмыс режимін өзгерту көзделген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Палатаның алдағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Депутаттарға «2003 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарау ұсынылады.

Хаттама арқылы «Кеген-автожолдық» (Қазақстан Республикасы) және «Қарқара-автожолдық» (Қырғыз Республикасы) өткізу пунктінің жұмыс режимін «тәуліктің жарық уақытынан» «тәулік бойы» деп өзгерту көзделген.

Өткізу пунктінің жұмыс режимін өзгерту Қазақстан-Қырғызстан шекара маңы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айналымын ұлғайтуға және мемлекеттердің туристік саласындағы ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына 2016 жылы 6 қазанда Монреалда қол қойылған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарының өзгеруіне қатысты хаттамаларды ратификациялау туралы заң жобасы енгізілді. Бұл құжатта Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы кеңесінің және Аэронавигациялық комиссияның сандық құрамын ұлғайту қарастырылады.

Бұдан бөлек, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдау ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Новости партнеров