Олжас Бектенов «Ядролық физика институтындағы» қондырғылар мен өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты

Алматыға жұмыс сапарымен келген Премьер-министр «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралап шықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыға жұмыс сапарымен келген Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздегі атом ғылымын өрістету және технологиялық өндірістерді дамыту бағытында жүктеген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдымен Үкімет басшысы Олжас Бектенов шаһардағы «Ядролық физика институтына» арнайы барып, негізгі қондырғылар мен өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты. Қазір бұл ғылыми базада 11 бірегей эксперименттік қондырғы бар. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта ядролық криминалистика саласы бойынша өңірлік оқу орталығын ашу жоспарлануда. 

Сондай-ақ Премьер-министр «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралап шықты. Бүгінде бұл аумақта жалпы құны 265 млрд теңгені құрайтын 24 жоба жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде 10 жылдан бері жылу, су, электр қуаты мен газды есептеуге арналған құрылғылар шығаратын нысан бар.

«Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Жалпы соңғы жылдары Мемлекет басшысы цифрландыру қажеттілігі туралы үнемі айтып келеді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы цифрландыруды бірінші кезектегі міндет деп санаймыз. Сол себепті біздің кәсіпорын жабдықтың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын. Барлық аспаптарымыз деректерді жолдау функциясымен жарақталған, бұл заманауи диспетчерлеу қызметіне негізі бола алады», – деді  компаниясының құрылтайшысы Ерлан Нәбиев.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері туралы келісімді қарайды

Новости партнеров