Маңғыстау облысында аққулардың өлексесі табылды

Құстардың денесі арнайы орында жойылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстау облысы, Сайын Шапағатов ауылындағы теңіз жағалауынан аққулардың өлексесі табылды.  Мамандар мониторинг жұмыстарын жүргізу кезінде 11 қанатты құсты анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv

Айтуынша, өлекселер иістеніп, бүлінген. Салдарынан ветеринариялық сынама алуға жарамсыз болып қалған. Кейіннен құстардың денесі арнайы орында жойылыпты. Қазір Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылы мен Ақтау қаласының теңіз жағалауында тексеру жұмыстары жалғасуда. Ал облыстық экология департаментіне судан тиісті сынама алу тапсырылған.

Айта кетейік, Қаракөл көлінде 100 бас шамасында қоқиқаз, 150 шақты аққу мекендеуде. Бұл айдында құстар өлімі анықталмапты.

«Аққу және басқа құстардың жаппай өлімі тіркелген жоқ. Бұл – миграция кезінде кездесетін жағдай. Қорқатын ештеңе жоқ. Жаппай өлім тіркелген жоқ», – деді облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Ербол Әлібеков.

Оқи отырыңыз: Алимент төлемей, шетелге кеткендер міндетінен құтылмайды

 

 

 

 

Новости партнеров