Сенторлар балалардың мүддесін қорғауға арналған құжатты мақұлдады
Бауыр еті баласына алимент төлемей, шетелге кеткендер міндетінен құтылмайды. Бүгін сенторлар балалардың мүддесін қорғауға арналған құжатты мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv
Оған сай, алимент өндіру жеңілдейді. Әділет вице-министрі Даниель Ваисов алименттен жалтарып, шетел асқандардың балаларының алдында 47 миллион теңге берешегі барын жеткізді. Сөзінше, борышкерлердің дені Ресейде жүр. Олардың берешегі 32 миллион теңге. Ал Өзбекстанда жүрген жерлестеріміздің қарызы 1,9 миллион теңге.
Украина, Әзербайжан, Беларусь және Қырғызстанда да балаларына алимент төлемей жүргендер бар. Сенат мақұлдаған құжатқа сай, енді берешегі бар азаматтар қай елде жүрсе де, халықаралық келісімдер арқылы алимент төлеуге мәжбүр болады.
«2020-2025 жылдар аралығында кәмелетке толмаған балалар мүддесінде жүргізілген атқару өндірістерінің саны 100-ден астамға жетіп, қарыз сомасы 47 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш трансшекаралық алимент өндірудің күрделілігін және тиімді құқықтық шешімдердің маңыздылығын айқын көрсетіп отыр. Заңды қабылдау Хаттаманы ратификациялауға жол ашып, балалардың құқығын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова.
Оқи отырыңыз: Ойын-сауық орталығында биіктен секірген жеткіншектің ата-анасына айыппұл салынды