Мемлекет басшысы бір топ қызметкерді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы жиын соңында «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі Ақордаға сілтеме жасап.
Елдің өндірістік және индустриялық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мына азаматтар марапатталсын:
«Құрмет» орденімен
Измер Александр Сергеевич – «Karaganda Komir» ЖШС «Тентек» шахтасының бригадирі, Қарағанды облысы
Ыдырысов Зейнолла Сұлтанұлы – «Qarmet» АҚ цех шөмішшісі, Қарағанды облысы;
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен
Абюров Жамбыл Мелісұлы – «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігі «Батыс Қаражал» шахтасының үңгілеушісі, Ұлытау облысы
Баулекова Гуля Кәлкенқызы – «Karaganda Komir» ЖШС «Қазақстан» шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы
Жанаев Марат Бөкенұлы – «Karaganda Komir» ЖШС И.А.Костенко атындағы шахтасының электр слесары, Қарағанды облысы
Иванов Игорь Владимирович – «Qarmet» АҚ инженері, Қарағанды облысы
Қынаев Бекболат Қынайұлы – «Qarmet» АҚ ауысым бастығы, Қарағанды облысы
Хан Валерий Васильевич – «Karaganda Komir» ЖШС В.И.Ленин атындағы шахтасының директоры, Қарағанды облысы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Алшымбеков Сансызбай Қожагелдіұлы – «Өркен» ЖШС «Өркен-Атансор» өкілдігі ұсақтау-байыту фабрикасының шебері, Ақмола облысы
Ахметов Арман Ерсайынұлы – «Qarmet» АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы
Байжанов Рафхат Мамыртайұлы – «Karaganda Komir» ЖШС «Шахтинск» шахтасының кеншісі, Қарағанды облысы
Захаров Дмитрий Витальевич – «Qarmet» АҚ жетекші инженері, Қарағанды облысы
Иванов Константин Владимирович – «Qarmet» АҚ цех бастығының орынбасары, Қарағанды облысы
Колесов Сергей Александрович – «Qarmet» АҚ қызмет бастығы, Қарағанды облысы
Фомина Татьяна Николаевна – «Өркен» ЖШС Лисаков филиалының кран машинисі, Қостанай облысы
Оқи отырыңыз: Кеншілер мекенін нағыз еңбек адамдарының киелі бесігі - Мемлекет басшысы