Мемлекетіміз барда тіліміз ешқашан тұғырдан түспейді – Ерлан Қарин

t.me/consot_kz
t.me/consot_kz

Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тілге қатысты пікір білдірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген». Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасындағы мемлекеттік тіл туралы айтылған 9-бапқа қатысты осылай деп пікір білдірді,  деп хабарлайды Almaty.tv

«Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, Конституцияның жаңа жобасында "Конституциялық құрылыс негіздері" деп аталатын бірінші бөлімінің 9-бабы 1-тармағында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі" деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Яғни, бізде мемлекеттік тіл біреу, ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда, өз орнында. Мемлекетіміз барда ол ешқашан ол тұғырдан түспейді, демек сол үшін ең бастысы мемлекеттік сақтау керек, қорғау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау керек», –  деді Ерлан Қарин.

Айта кетейік, 31 қаңтарда Конституцияның жаңа жобасы ел назарына ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда

Новости партнеров