Алматыда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға арналған жиын өтіп, саладағы жаңа бағыттар таныстырылды
Алматыда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға арналған жиын өтіп, саладағы жаңа бағыттар таныстырылды. Басқосуға әкімдіктің 16 басқармасының өкілдері жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басым бағыттардың бірі ретінде - сервистік қызмет көрсету моделі ерекше назарға алынды. Ондағы негізгі қағида азаматтарды сабылтпай, мәселені тез әрі жүйелі шешу, онлайн және офлайн қызмет сапасын тең қарастыру әдісі. Бұл қағида – мемлекеттік қызметке деген сенімді арттырудың негізгі жолы. Сондай-ақ жиында «Адал азамат» пен «Заң мен тәртіп» мәдениеті кеңінен талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес те басым бағыт ретінде белгіленді. Цифрландыру мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Белгілі борғандай, енді «Е-қызмет» жүйесі арқылы конкурстар онлайн өтіп, мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі жеңілдетілгені хабарланды.
«Гибриттік модель – мемлекеттік қызметте мансаптың моделі мен позициялық тәсілді ұштастыра отыра, сол жүйедегі қызметкерлердің кәсіби өсуімен қоса сырттан, яғни квазимемлекеттік сектордан бизнестен, IT саласынан тәжрибелі білікті мамандарды тартуға бағытталған модель», – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Еркеболат Нұржігітов.
«Мемлекеттік қызметші – үнемі елдің назарында болатын адамдар. Онда сен басшысың ба, қосышсың ба, бөлім басшысың ба деген болмайды. Сондықтан бұл жердегі қоғам тарапынан қойылып отырған талаптар өте биік, жоғары. Кез келген мәселеге қатысты әкімдіктің өкілі, министірлік өкілі мемлекеттік қызметші деп қарайды. Сондықтан барлық уақытта да мемлекеттік қызметшілер жұмыстан тыс уақытта да биік моральдық-этикалық талаптарға жауап беруі тиіс», – деді Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Ахетов.
Оқи отырыңыз: Атырауда бір айда 60-тан аса жасөспірім кесел жұқтырған