Референдумға дейін:
15
күн
10
сағат
4
минут

Министрлік біржолғы төлем туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлады.

"Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.

"Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алаяқтардың жаңа айласы: 8 наурыз қарсаңында арзан гүлге алданбаңыз

Новости партнеров