Мобильді төлем: туған күнге аударылған қаражат тексеріле ме

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында «ұжымда жиналатын қаражат немесе той иесінің шотына түскен қаражат толық бақылауда бола ма? Бұл жағдайда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген осы адамдар қалай тексеріледі?» деген сұрақ қойылды. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру нормасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

"Заңда барлық норма жазылған, ережені Ұлттық банк қабылдады. Осы орайда 15 сәуірге дейін бекітілген талаптар бойынша банктерден бірінші тоқсанның мәліметтерін аламыз. Сұрақта қойылған аударымдарға қатысты мәселеде тексеру болмайды, яғни оны бизнес процеске жатқызбаймыз. Туған күнге немесе осы сияқты басқа іс-шараларға жиналған қаражат бақылауға жатпайды. Бизнес аударым болмаса, бұл процестен Қазақстанның ешбір азаматына залал келмейді", - деді Е. Біржанов тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бір адамда жеке кәсіпкерлігіне арналған және жеке өзіне байланған банк картасы болады.

"Бұл адам жеке кәсіпкер бола тұра, оның жеке картасына туған күніне орай жан-жақтан қаражат аударылса, мұны кәсіпкерлік ретінде санамаймыз", - деді вице-министр.

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру басталды. Бұл процесс 15 сәуірге дейін жалғасады. Кірістер комитеті жыл басынан бері кәсіпті заңдастырып, салық есебін тапсыруға үндеп келген. Ережеге сәйкес, жалпы сомасы 1 млн теңгеден асатын және 3 ай қатарынан 100-ден астам аударым қабылдаған азаматтар тексеруге алынады. Енді банктер берген мәліметтердің нәтижесінде ескертуді елемегендерге хабарлама жіберіледі. Бірақ бірден айыппұл салынбайды. 30 күннің ішінде қаржының қайдан келгенін түсіндіруіңіз керек. Қаражаттың бизнеске қатысы жоқ екені дәлелденсе, бақылаудан босатылады. Ал ескертуді елемегендер шотына түскен қаржының 10 пайызын салық ретінде төлеуге міндетті.

Оқи отырыңыз: Алматыда криминогендік ахуал тұрақты: қылмыс деңгейі 12%-ға төмендеді

Новости партнеров