Ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген
Маңғыстау облысының тұрғыны мысық тістеп алғаннан кейін құтыру ауруына шалдығып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ер адам уақытында медициналық көмекке жүгінбеген. Салдарынан соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жануарлар тістеуіне байланысты 1300-ден астам жағдайы тіркеліп, пациенттер антирабиялық көмекке жүгінген. Оның 52 пайызы - балалар, 4 пайызы - жасөспірімдер, 43 пайызы - ересектер болып шықты. Оған қоса 801 адам антирабиялық вакцина, ал 544 пациент иммуноглобулин екпесін алған. Мамандар жануарлардың тістеуі, тырнауы немесе сілекейі тиген кезде бірден дәрігерлерге тексерілуі керек екенін ескертті.
Оқи отырыңыз: Құздың жиегіндегі өмір: Петропавл тұрғындары үреймен күнелтіп отыр