Назарда – менің әлемім: Алматыда ІІІ республикалық мобильді фотосуреттер байқауы өтті

Биыл сайысқа еліміздің әр өңірінен 94 қатысушыдан 261 фотожұмыс ұсынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда аға буынға арналған «Назарда – менің әлемім!» атты ІІІ республикалық мобильді фотосуреттер байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Сәтбаев университетінің бірлескен жобасы егде жастағы азаматтарды шығармашылыққа тартуды көздейді. Биыл сайысқа еліміздің әр өңірінен 94 қатысушыдан 261 фотожұмыс түсіп, олар 4 номинация бойынша бақ сынады. Оқу орнының «Күміс университет» бағдарламасы аясында қариялар суретке түсумен қатар, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллект бағыттарын да меңгеріп шықты. Іс-шара барысында үздік туындылар көрмесі өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Сондай-ақ «Алматы әжелері» модельдер тобы мен орталық өнерпаздары мерекелік концерт ұсынды.

«Сатпаев университетімен бірге 3 жыл жұмыс істеп келе жатырмыз. Бүгінгі фотоконкурс үшінші рет өтіліп жатыр. Байқау мемлекеттік деңгейде өтіп жатыр», – деді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы Сәуле Бекетаева.  

«Мен екінші рет қатысып отырмын. Алдыңғы жылы қалалық фото үйірмесіне қатыстым. Ал республикалық үйірмеге қатысып, 1 орын алдым. Балалармен жүргенде қызықты көріністерді көріп қаламын, соларды олар да көрсін деп көрмеге жіберемін», – деді байқауға қатысушы Райхан Игілік.

Оқи отырыңыз: Қауіпсіз жаз: Ақтөбелік оқушылар киберқауіпсіздік пен алғашқы көмек көрсетуді үйренді

 

 

 

 

Новости партнеров