Некеңіздің мерзімін ұзартасыз ба: Әділет министрлігі ресми мәлімдеме жасады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Министрліктің мәліметінше, бұл алаяқтардың кезекті әрекеті болуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде некенің мерзімін ұзарту туралы ақпарат тарады. Алайда Әділет министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, ресми ақпарат жариялады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, бұл алаяқтардың кезекті әрекеті болуы мүмкін.

«ҚР Әділет министрлігі неке-отбасы заңнамасына сәйкес, неке бір рет тіркеледі және оның шекті мерзімі белгіленбейді. Осыған байланысты Әділет министрлігі некені ұзарту талап етілмейтіндігін ескертеді. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініші бойынша некені бұзу арқылы, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылуы мүмкін. Некені бұзу тек тіркеуші орган арқылы немесе сот шешімінің тәртібімен жүзеге асырылады», – делінген ведомство хабарламасында.

Ал неке сот тәртібімен бұзылған жағдайда – сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

«Осыған байланысты азаматтардың назарын осындай хабарламалардың шындыққа сәйкес келмейтініне аударып, оларды көрсетілген сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерді бөгде адамдарға ұсынбауға шақырамыз. Дұрыс әрі нақты ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге жүгінуді сұраймыз», – деп жазады Әділет министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында учаскелік полицейдің мәйіті табылды