Қызылорда облысында учаскелік полицейдің мәйіті табылды
Күдіктіге іздеу жарияланды
Қызылорда облысында учаскелік полицейдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалған. 38 жастағы тәртіп сақшысы тұрмыстық жанжалды тоқтатпақ болғанда жан тапсырған. Оның еңбек демалысында болғаны белгілі. Құзырлы органдардың мәліметінше, марқұм бұған дейін де отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткен азаматты бірнеше рет жауапқа тартып, қорғау нұсқамаларын шығарған. Кезекті жанжал кезінде 39 жастағы Арал тұрғыны оны жұдырық астына алып, ауыр жарақат салған. Соның салдарынан, тәртіп сақшысы тіл тартпай кеткен.
Қазір күдіктіге іздеу жарияланды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Қызылорда облысында су тарату стансасы іске қосылды