Жиналған жаңбыр суын тазалау үшін Төтенше жағдайлар департаментінен 14 жеке құрам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды
Маңғыстаудың Шетпе ауылында жауын-шашын салдарынан сайдың ішімен аққан қарғын су арнасынан тасып, 10 үйдің ауласы мен 1 үйдің ішіне өтіп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бір сағат шелектеп жауған жаңбыр жолдардағы көлік қозғалысына да кедергі келтірді. Мамандардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Теміржол мен республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының да шайылу жағдайлары тіркелмеген. Жиналған жаңбыр суын тазалау үшін Төтенше жағдайлар департаментінен 14 жеке құрам мен 2 бірлік техника, ал Полиция департаментінен 9 жеке құрам, 3 бірлік техника жұмылдырылды.
«Қазгидромедттің» ақпаратына сәйкес негізгі нормадан жоғары, тәуліктік есеппен алғанда нормадан жоғары, бірақ 1 сағаттық нөсер жауын салдарынан қарғын су ауылдың ішімен өткен. Қазіргі таңда барлық қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Барлық қамтамас ету обьектілері штаттық режимде жұмыс жасап тұр», – деді ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Данияр Дастанұлы.
Оқи отырыңыз: Лотос гүлдеді: Көз тартар сұлулықты 5 мыңға жуық турист тамашалады