Он жеті жылдық белес: дүкендер желісі мерейтойға орай тұрғындарға бағалы сыйлықтар үлестірді

Осыдан 17 жыл бұрын алғашқы сауда нүктесін ашқан компания бүгінде ірі желіге айналған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

COSMART-қа - 17 жыл. Осы уақыт аралығында дүкендер желісі сатып алушыларын түрлі тосын сыймен қуантып келеді. Биыл мерейтойға орай тағы бір сауда нүктесі ашылып, келушілерге 17 бағалы сыйлықтың ұтыс ойыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мерекелік көңіл-күй, тосын сый, жеңілдіктер мен сан түрлі тауар. Бұл – сатып алушылардың сүйіктісіне айналған COSMART дүкендер желісі жайлы. Осыдан 17 жыл бұрын алғашқы сауда нүктесін ашқан компания бүгінде ірі желіге айналған. Қазір Алматыда – 28, ал Астанада 7 филиалы бар. Сатып алушыларға декоративті және күтім косметикасы, үйге қажетті бұйымдар мен тоқыма өнімдері сияқты 20 түрлі тауар ұсынылады. Ал жыл сайын туған күніне орай тосын сый әзірлейді. 

«17 жылдық мерейтойға бізден және серіктестерімізден 17 сыйлық. Биыл Oi-Qaragai тау курорты секілді бірнеше ірі компания бізге серіктес болып, бағалы сыйлықтарын ұсынды. Сонымен қатар косметика бағытында көптен бері бірге жұмыс істеп келе жатқан серіктестеріміз де сыйлықтар берді», – деді COSMART дүкендер желісінің маркетологі Сания Нүсіпхожина.

Ұтыс ойынына қатысу үшін COSMART Club адалдық бағдарламасына тіркеліп, 12 қазан мен 6 қараша аралығында кемінде 6 мың теңгеге сауда жасау қажет болды. Ал дүкеннің ашылу салтанатында қонақтарды тағы бір тосын сый күтіп тұрды. Бұл – сәттілік дөңгелегі. 10 мың теңгеден жоғары сауда жасағандар оны айналдырып, қосымша сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

«Мені ең алдымен дүкендегі осындай ұтыс ойындар мен түрлі акциялар қызықтырады. Мұнда тиімді бағаға көп зат сатып алуға болады. Алматының әр ауданында филиалдары бар, үйге жақын жерден табуға болады. Мен Cosmart-ты таңдаймын, себебі мұнда тауар түрі көп. Кеңесшілері де сыпайы», – деді қала тұрғыны Даниил Шестопалов.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай ұтыс ойындары сатып алушыларды қуантып қана қоймай, COSMART желісі дамуының жаңа кезеңіне жол ашуда. 17 жыл ішінде дүкендер желісі ауқымын кеңейтіп, басты мақсатын сақтап келеді.

Ол – сұлулық пен күнделікті күтімге қажетті тауарларды қолжетімді ету. Ал мерекелік акциялар игі дәстүрге айналған. Енді әрбір жаңа дүкеннің ашылуында келушілерге сәттілік ойыны ұйымдастырылады. Демем тиімді сауда жасап, сыйлыққа кенелуге мүмкіндік мол.

Диана Тұрлыбек, Владислав Иващенко, Хангельды Ахметханов