Жамбыл облысы қар барысын қорғаудың маңызды орталығына айналмақ

Өңірде алғаш рет «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы қар барысын қорғаудың маңызды орталығына айналмақ. Өңірде алғаш рет «Меркі» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижесінде Алатау баурайындағы 83 мың гектардан астам аумақ ерекше қорғалатын табиғи жерлер қатарына қосылды. Жаңа парк Меркі ауданының бай табиғатын сақтауға бағытталған. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі ғылыми тұрғыда зерттеліп, тау экожүйесін қорғау жұмыстары жүргізіледі. Аумақта «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктердің 100-ден астам түрі және жануарлардың 12 түрі мекендейді. Олардың қатарында қар барысы, Түркістан сілеусіні, Тянь-Шань арқары, үнді жайрасы, қабан мен елік бар.

Әсіресе саны небәрі 10-ға жуықтайтын қар барысын сақтау – басты міндеттердің бірі. Мамандардың айтуынша, жаңа табиғи парктің құрылуы жыртқыштың мекен ету ортасын қорғап, популяциясын көбейтуге мүмкіндік береді.

«Паркте 59 қызметкер жұмыс істейді. Толық жұмысына кіріскен кезде,парктың штаттық бірлігін 84 адамға дейін ұлғайтатын боламыз. Барлық табиғи кешен, археологиялық қазбалар немесе ескерткіштер, әрбір инспекторға бекітілген», – деді Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нартай Егембердиев.

Оқи отырыңыз: Алматы – төрт маусымдық туристік орталық: тау кластерін дамыту жұмыстары қалай жүріп жатыр