Өндірісте зардап шеккен жұмыскерлерге төлемдер тағайындау тетігі талқыланды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жиында төлемдерді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселесі қаралды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның жұмыс тобының кезекті отырысына қатысты. Жиынға сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, республикалық кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағандай, отырыс барысында еңбек міндеттерін орындау кезінде зардап шеккен жұмыскерлерге, оның ішінде регрессші-кеншілерге төлемдерді қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселесі қаралды.

Өндірісте зардап шеккен жұмыскерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Мемлекеттік аннуитеттік компания «ӨСК»» АҚ басқарма төрағасы Қуаныш Мұкажанов баяндама жасады. Ол ерікті аннуитеттік сақтандыру шарттары арқылы өмір бойғы төлемдерді жүзеге асыру тетігін жан-жақты түсіндіріп, ұсынылып отырған тәсілдің артықшылықтарына тоқталды.

Өз кезегінде «Көміршілер салалық кәсіптік одағы «Қазақ көмір кәсіподақ» ҚБ төрағасы Марат Миргаязов аталған санаттағы азаматтардың өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын білдірді.

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі Тимур Жаркенов регрессші-кеншілерге төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті қаржылық шығындар бойынша жүргізіліп жатқан актуарлық есептеулер туралы ақпарат берді.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар мәселені одан әрі пысықтау қажеттігін атап өтіп, сақтандыру компаниялары мен әлеуметтік әріптестер қатарынан сарапшыларды тарта отырып, жұмысты жалғастыруға келісті.

Оқи отырыңыз: Елімізде жеңіл өнеркәсіпте өндіріс көлемі 259 миллиард теңгеден асты

Новости партнеров