Аталған іс-шара балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға, олардың әлеуметтік бейімделуіне және заманауи білім беру бастамалары арқылы әлеуетін ашуға бағытталды
2026 жылғы 7 сәуірде «Жан-Сая» дағдарыс орталығы жанынан құрылған «Өркен» балалар клубының тәрбиеленушілері Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында орналасқан American Space & Makerspace мәдени-білім беру орталығына барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Өркен» клубы дағдарыс орталығында қолдау алатын белсенді әрі ізденімпаз балаларды біріктіреді. Мұндай танымдық іс-шаралар олардың дүниетанымын кеңейтуге, жаңа дағдыларды меңгеруге және өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
American Space & Makerspace (Америкалық кеңістік) — бұл Алматы тұрғындарына өз идеяларын дамытуға, білім алуға және жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қоғамдық орталық әрі бірлескен жұмыс зертханасы. Орталық құрамына шығармашылық ойлау мен заманауи технологияларды қолдана отырып, мәселелерді шешу дағдыларын дамытуға бағытталған инновациялық технологиялық орталық — Makerspace Almaty кіреді.
Сапар аясында балалар American Space кеңістігіне экскурсияға қатысып, заманауи білім беру форматтарымен, жаңа технологиялармен және дамуға арналан жаңа мүмкіндіктерімен танысты.
Аталған іс-шара балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға, олардың әлеуметтік бейімделуіне және заманауи білім беру бастамалары арқылы әлеуетін ашуға бағытталды.
Оқи отырыңыз: Алматыда жасыл қорды төрт кезеңмен биологиялық дәрілеу басталады