Өрт қауіпсіздігі: елде дайындық күшейтілді

Республика аумағындағы ормандарды қорғау үшін қосымша 300-ден астам бақылау бекеттері орнатылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық күшейтіліп жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, республика аумағындағы ормандарды қорғау үшін қосымша 300-ден астам бақылау бекеттері орнатылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қадам өртті ерте анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Қазір алдын алу шараларына мемлекеттік орман күзетінің шамамен 7 мың қызметкері жұмылдырылған. Сонымен қатар 2 жарым мыңнан астам техника дайын тұр. Биыл орман қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи технологияларға да ерекше көңіл бөлінуде.

Атап айтқанда, дрондар арқылы әуеден бақылау жүргізіліп, өрт ошақтарын ерте анықтау көзделген. Сондай-ақ авиация күштері тартылып, цифрлық технологиялар мен мониторинг жүйелері де іске қосылған.

«Биыл ормандарды авиациялық қорғаумен қамту көлемі 8,8 млн гектардан 9,6 млн гектарға дейін артты. Оған қоса, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елорда маңындағы жасыл белдеуде 3 жаңа орналасу нүктесі ашылды. Қазір авиациялық нүктелерде 18 тікұшақ және 3 ұшақ бар. Жалпы өрт қаупі жоғары кезеңде 26 әуе кемесі жұмылдырылады», – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитеті төрағасының м.а. Мақсат Елемесов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Новости партнеров