Ол сатылымға шығару үшін аса ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз сақтаған
Есірткі қылмысына қатысы бар күдікті Түркиядан Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам сатылымға шығару үшін аса ірі көлемде психотроптық заттарды заңсыз сақтаған. Екі жыл бұрын полицейлер жедел іздестіру шаралары кезінде одан 17 қап меткатинон тауып, тәркілеген. Интерпол, Ішкі және Сыртқы істер министрлігінің көмегімен ол қазанда Анталияда ұсталып, елге қайтарылды.
"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді ҚР бас прокуратурасының өкілі Әсел Берқалиева.
Оқи отырыңыз: Оны мәжбүрлей алмаймыз: Сенат депутаты Бишімбаевтың қай түрмеде жазасын өтеп жатқанын айтты