Отбасының цифрлық картасы: әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі
Бүгінгі таңда жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды
Қазақстанда 2023 жылдан бері «Отбасының цифрлық картасы» сәтті жұмыс істеп келеді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.Отбасының цифрлық картасы отбасының жағдайын екі негізгі бағыт бойынша бағалайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бүгінгі таңда жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 түрлі мемлекеттік цифрлық жүйедегі мәліметтерді пайдалана отырып, қажетті ақпаратты өзі жинақтайды.
Отбасының цифрлық картасы отбасының жағдайын екі негізгі бағыт бойынша бағалайды:
-
Материалдық әл-ауқат
-
Өмірлік жағдайлар
Материалдық әл-ауқатты анықтағанда не ескеріледі?
Бұл бағытта отбасының активтері жіті тексеріледі:
-
Тұрғын үй, автокөлік, жер учаскесі және коммерциялық жылжымайтын мүліктің бар-жоғы;
-
Кәсіпкерлік қызметке қатысуы;
-
Кредиттік жүктемесі.
Жүйе тек мүліктің бар-жоғын ғана емес, оның сипаттамаларын да маңызды орынға қояды. Мәселен, ескі пәтердің, бір автокөліктің немесе шағын жер учаскесінің болуы отбасының нақты ауқатты екенін білдірмейді.
Сонымен қатар жүйе отбасы мүшелерінің жасын, балалардың, мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар адамдардың болуын, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайына әсер ететін өзге де жайттарды назарға алады. Сондықтан Цифрлық карта тек табысты ғана емес, сонымен бірге мүлікті, отбасы құрамын және шынайы өмірлік жағдайларды да қатар бағалайды.
Жинақталған деректер негізінде отбасының әл-ауқат деңгейі төмендегі 5 санаттың бірімен айқындалады:
-
Жоғары
-
Ауқатты
-
Қанағаттанарлық
-
Экономикалық осал
-
Экономикалық және әлеуметтік осал
Бұл ретте бағалау цифрлық жүйелерден түсетін жаңартылған мәліметтер негізінде тұрақты түрде жүргізіліп отырады.
Отбасының цифрлық картасының басты мақсаты – әр отбасының нақты жағдайын барынша дәл бағалап, оның өмірлік мән-жайларын ескере отырып, қажетті әлеуметтік қолдауды уақтылы ұсыну
Оқи отырыңыз: Халық пен мемлекет арасындағы көпір: Алматының білім саласындағы цифрлық жобасы несімен бағалы