Павлодарда кәмелетке толмаған екі қызға қатысты қылмыс бойынша сот үкімі шықты
Тергеу кезінде аурудың жыныстық жолмен берілгені анықталған
Павлодарда кәмелет жасына толмаған 2 бірдей қызды зорлап, АИТВ инфекциясын жұқтырған азамат сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Тергеу кезінде аурудың жыныстық жолмен берілгені анықталған. Яғни, ішімдікке сылқия тойған ер адам әйелінің үйде жоқтығын пайдаланып, алдымен 10 жастағы кіші өгей қызын, одан соң үлкеніне жыныстық сипаттағы әрекеттер көрсеткен. Сорақысы, өрімдей жас қыздардың екеуінде де ақыл ой дамуының бұзылысы бар.
Істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты қарады. Қылмыскер түпкілікті жаза ретінде өмір бойы бас бостандығынан айырылды.
«О есімді ер адам кінәлі деп танылды. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымын атқару құқығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтейді», – деді Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Агидель Ибраева.
Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі ескі жатақханада екі аптада 4 рет өрт шықты