Ақтөбеде жасырын ломбардтар әшкере болды: қылмыстық іс сотқа жолданды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Күдікті қарызды заңнан 12 есе жоғары пайызбен берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті ломбард саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызмет фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті 2020-2025 жылдар аралығында ломбардтық қызметті жүзеге асыруға арналған міндетті лицензиясыз халыққа техника (ұялы телефондар, теледидарлар, ойын приставкалары, фотоаппараттар және т.б.) кепілдігімен қарыз беру жүйесін ұйымдастырған.

Бұл қызмет комиссиялық дүкендердің сылтауымен жүргізіліп, уәкілетті органдардың бақылауынан жалтаруға мүмкіндік берген.

Қаржылық қиындыққа тап болған азаматтардың жағдайын пайдаланып, ол заңда белгіленген 0,3% шектен 12 есе асып түсетін, күніне 3,7%-ға дейін жететін тым жоғары пайыздық мөлшерлемелерді белгілеген.

Мәселен, комиссиялық шарт бойынша 10 күн мерзімге 257 000 теңге көлемінде қарыз алған клиент 51 400 теңге (күніне 2%) сыйақы төлеуге мәжбүр болған. Ал заң бойынша оның мөлшері 7 710 теңгеден (0,3%) аспауы керек еді.

Қылмыстық жолмен түскен табыс 93 миллион теңгеден асып жығылды. Соттың санкциясымен күдіктінің 3 автокөлігі мен пәтеріне тыйым салынды.

Оған қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық» туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық таеквондошылар Испаниядағы турнирде табысты өнер көрсетті

Новости партнеров