Венецияны көшіру ұсынылды: ғалымдар қаланы бөлшектеп, басқа жерге орналастырмақ

Depositphotos.com
Depositphotos.com

23 жыл ішінде қалада 18 рет төтенше су тасқыны болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Венецияны мұхит деңгейінің көтерілуінен туындаған су басу қаупінен құтқару үшін қаланы бөлшектеп, теңіз деңгейінен биіктеу жерге көшіру керек. Мұндай ұсынысты италиялық ғалымдар айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

ABC News телеарнасының хабарлауынша, Саленто университетінің атмосфералық физика және мұхиттану профессоры, венециялық Пьеро Лионелло қазіргі қорғаныс шаралары болашақта жеткіліксіз болатынын баса айтты.

Соңғы онжылдықтардағы статистика жағдайдың күрделі екенін растайды. 23 жыл ішінде қалада 18 рет төтенше су тасқыны орын алды. Ғалымдардың болжамы бойынша, мұхит деңгейі бірнеше метрге көтерілуі мүмкін.

Қазіргі қорғаныс құрылымдары (1990 жылдары іске қосылған MOSE жылжымалы тосқауылдар жүйесі) 1,25 метрге дейінгі су деңгейіне төтеп бере алады. Алайда, тіпті парниктік газдар шығарындылары аз болатын оңтайлы сценарийдің өзінде, бұл шек 2300 жылға қарай асып түседі. Жағдайды жаһандық жылыну және топырақтың біртіндеп шөгуі ушықтырып тұр.

Мамандар қаланы қорғаудың төрт ықтимал стратегиясын талдады: қолданыстағы бөгеттерді нығайту, қосымша қорғаныс желілерін салу, лагунаны толығымен жабу және Венецияны басқа жерге көшіру.

Зерттеушілердің тұжырымы бойынша, егер су деңгейі 4,5 метрден астам биіктікке көтерілсе, соңғы нұсқа жалғыз тиімді жол болуы мүмкін.

Ғалымдар Венецияның тарихи орталығын қорғау үшін бөгеттер салу 600 миллионнан 5,3 миллиард долларға дейін қажет ететінін есептеп шығарды. Бүкіл лагунаны жабуға қабілетті «супербөгет» салу 35 миллиард доллардан астам қаражатты талап етеді. Қаланы көшіру жобасын жүзеге асыру шамамен 118 миллиард долларға бағаланып отыр.

Көшіру концепциясы ғимараттарды бөлшектеп, кейін биік жерлерде қайта құрастыруды білдіреді. Дегенмен, мұндай ауқымды жобаның өзі Венецияның тарихи келбетін толығымен сақтап қалуға кепілдік бермейді: су басқан аудандар уақыт өте келе қирайтын болады, ал туристердің оларға қолжетімділігі шектеледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық таеквондошылар Испаниядағы турнирде табысты өнер көрсетті

Новости партнеров