Полиция қызметкері қағып кеткен адам көз жұмды
Almaty TV
Оқиға Өскемен қаласында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өскемен қаласында полиция қызметкері қағып кеткен адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қаладағы Малая объездная көшесінде болған.
Полиция қызметкері ВАЗ 21140 маркалы жеке көлігін басқарып келе жатып, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33