Алматыда 37 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізушілер анықталды

кадр из видео Polisia.kz
кадр из видео Polisia.kz

Айыппұл төлемегендер тізімінде көшбасшы атанған шетелде тіркелген Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі болып тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 37 млн теңге көлемінде айыппұл салынған көліктер анықталды. Айыппұл төлемегендер тізімінде көшбасшы атанған шетелде тіркелген Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі болып тұр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 7 миллион теңгеден астам сомаға жол қозғалысы ережесін бұзған. Алайда айыппұлының ешқайсысын төлемеген.

"Құқықбұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидаттарын және құқықбұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы полициясы тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Одан кейін құқықбұзушының көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес келген жері бойынша тәркілеу туралы хаттама толтырылады. Көлікті айыппұл тұрағынан босату тек айыппұлды толық өтегеннен кейін ғана жүзеге асырылады", - деп мәлімдеді жергілікті полиция қызметінің жедел іздестіру бөлімі.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 20 түрлі өнім арзан бағамен саудаланды

Новости партнеров