Ресейде жасырынып келген Қазақстан азаматы елге қайтарылды

02.06.2025 18:54

Ол - есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі 

20 жыл бойы Ресейде жасырынып келген Қазақстан азаматы елге қайтарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 2003 жылы есірткі тасымалымен айналысқан қылмыстық топтың мүшесі болған. Тергеу мәліметінше, күдікті Өзбекстаннан Қазақстан арқылы героин мен опий жеткізіп отырған. Сол жылы Қызылорда мен Қарағанды облыстарында арнайы операция өтіп, топтың бірнеше мүшесі ұсталған. Олардан 35 келі героин мен 28 келі опий табылған. Қолға түскендер сотталып кеткен, ал күдікті шекара асып, ізін жасырып үлгерген.

 «20 жыл бойы іздеуде жүрген ол өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: Атырауда қамыс өрті әлі сөндірілмеді