Саяси науқанда құрғақ уәде емес, нақты іс маңызды - Алматы жастары

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі сайлаушы үшін саяси ұрандардан гөрі партиялардың уәдеcн орындауы, нақты оң өзгерістерге қол жеткізуі маңызды. Бұл - Алматылық жастардың пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, ел халқының көп бөлігін жас буын құрайтындықтан, олардың саяси таңдау жасаудағы белсенділігі де айрықша мәнге ие. Сондықтан партиялар жастардың сеніміне тек сөзбен емес, нақты іспен жауап беруі керек.

«Алда 23 тамызда өте маңызды саяси науқан келе жатыр. Баршамыз үшін, ел үшін, халқымыз үшін өте маңызды саяси науқан. Өйткені еліміздің ең басты заң шығарушы органының өкілдерін, яғни құрылтай депутаттарын сайлайды. Өйткені әрбір дауыс маңызды. Сондықтан да барлығымыз жаңару үшін дауыс берейік», – деді Жетісу-2 комьюнити орталығының жетекшісі Айбек Берікболұлы.

«Біздің таңдауымыз елге қайырлы және лайықты болуын қалаймын және соған атсалысуға тырысамын. Депутаттардың арасында заңгерлер, білікті маман болғаны дұрыс деп ойлаймын. Сол үшін жақсы таңдау жасайық», – деді Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі Төлеген Рахымбаев.

Оқи отырыңыз: Құрылтай сайлауы – ел болашағы: зиялы қауым өкілдері маңызды саяси науқан туралы не дейді