Оқу-жаттығуға 6 елден 400-ден аса әскери қызметкер қатысты
Алты елдің арнайы күштері банда құрамын жойды. Бұл Түркістан облысында өткен «Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуларының сценарийі. Іс-шараға 6 елден 400-ден аса әскери қызметкер қатысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар бірлесе әрекет етудің жоғары деңгейін көрсетіп, кез келген сын-тегеурін мен қауіп-қатерге төтеп беруге дайын екенін дәлелдеді. Көп ұлтты оқу-жаттығуды Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан бөлек, Әзербайжан, Катар, Пәкістан, Түркия мен Өзбекстан қарулы күштері, сондай-ақ Қазақстан күштік құрылымдары қолбасшылығының өкілдері бақылады. Ведомство басшысы «Бірлескен операцияны жүргізу әскери контингенттердің үйлесімді әрі тиімді әрекет етуге дайындығын көрсетті» деді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша үздік жауынгерлер марапатталды.
Біз оқу-жаттығу барысында кәсіби тәжірибе алмастық. Алдағы уақытта әскери қауіпсіздік саласындағы күш-жігерімізді біріктіреміз. Осындай бірлескен операция әскери контингенттердің тиімді әрекет етуге дайындығын анық көрсетпек, – деді Өзбекстан республикасының арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгері Баһадүр.