Шерзаттың ісі: Мейірман Шекеев оқиғаға куә болған 2 қызды қайта шақыруды өтінді

Алайда судья Ержан Жанұзақов өтінішхатты қанағаттандырмады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Онда жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев оқиғаға куә болған 2 қызды қайта шақыру туралы өтініш жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Адвокаттың айтуынша, Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдінің әрекеттері күмән туғызады. Кешегі сот отырысында көрсетілген бейнежазбадан кейін қорғаушы «олар оқиғаның мән-жайын толық біліп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін екенін байқадық» деді.  Алайда судья Ержан Жанұзақов өтінішхатты қанағаттандырмады.

Айта кетейік, көрсетілген бейнематериалдарда айыпталушылардың шекара асып кету жоспары болғаны анықталды. Онда күдіктілердің қалжыңдасып, жайбарақат отырғандары естіледі. Бұл жайт желіде қызу талқыға түсіп жатыр. 

Айыпталушы тараптың адвокаттары судья Жанұзақовқа қарсы шағым түсіргенін, еске салайық. 

 

Новости партнеров