ШҚО-да заңсыз алтын өндірумен айналысқан 6 адам ұсталды

polisia.kz
polisia.kz

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер арнайы техникамен заңсыз алтын өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір аудандарының бірінде бағалы пайдалы қазбаларды заңсыз өндірумен айналысқан бір топ адамды ұстады. Қылмыстық әрекетті толық тіркеу мақсатында жедел уәкілдер ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппаратын пайдаланған.

"Сол арқылы заңсыз қазу жұмыстары жүргізілген жердің нақты орны анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде оқиға орнынан 6 адам ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында бір экскаватор, үш металл іздегіш құрылғы, 2 автокөлік және топырақ үлгілері алынды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жерасты ресурстарына келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Ақша көкке ұшты: Шымкентте ағаштар қурап қалды

 

Новости партнеров