Шымбұлақ: Алматының символына айналған спорт кешені қашан ашылады

Фото: Victor Glutsenko
Фото: Victor Glutsenko

Сала қызметкерлері кездесу өткізіп, тәжірибелі альпинистер мен шаңғышылардың пікірін сарапқа салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үш күннен соң «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының техникалық ашылуы өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының символына айналған спорт кешеніне күн сайын 10 мың адам келеді. Ал жылдық көрсеткіш 1,5 миллион адамнан асып жығылады. Шаңғы, сноуборд тебуге жиналатындардың қатарында кәсіби мамандар, сондай-ақ әуесқойлар да бар. Курорт қонақтарының қарасы қалың болғандықтан, қауіп деңгейі де жоғары болады. Сала қызметкерлері кездесу өткізіп, тәжірибелі альпинистер мен шаңғышылардың пікірін сарапқа салды. Қауіпсіздік ережесін егжей-тегжейлі түсіндірген олар, таудан төмен түскенде басқаларға кедергі келтірмей қозғалу қажет екенін, қандай да бір жайттың куәгері болып қалғанда, құтқарушыларды дереу шақыру керек екенін сөз етті. Сонымен қатар кез келген оқиғаға дайын болып баруды басты назарға алуды өтінді.

"Қол мен аяқтың сынуы, тобықтың шығуы – ең көп кездесетін жарақат түрі. Көбінде курортқа жаңадан келгендер жолдан шығып кетіп, қайғылы жайтқа ұрынып жатады. Соның салдарынан о дүниелік болып кеткендер де бар. Сол себепті жан-жаққа қарап, қауіпсіздік ережесін сақтауларыңызды сұраймыз", – деді альпинист Мақсұт Жұмаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады

Новости партнеров