Шымкентте 4 мыңға жуық тұрғын қатерлі ісікке шалдыққан

Ботагоз Жокенкызы

Дәрігерлер медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңызын ескертті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 4 мыңға жуық тұрғыннан қатерлі ісіктің алғашқы белгілері анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл басынан бері жүргізілген скринингтік тексерулер нәтижесінде 3300-ден астам әйелден сүт безі мен жатыр мойны обыры, ал 500-ден аса адамнан тоқ ішек қатерлі ісігі табылған. Мамандардың айтуынша, онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңде анықтау — дертті тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Сондықтан дәрігерлер медициналық тексерулерден уақытылы өтудің маңызын ескертеді.

 «Қатерлі ісік ауруларынан бөлек, МӘМС аясында жүрек-қан тамырларының сырқаттарымен қоса, қант диабеті және глаукоманы анықтаудың да сәті түсіп, қала бойынша 7 мыңға жуық адам профилактикалық-скринингтік зерттеуден өтті», – деді Шымкент қаласы бойынша ӘМСҚ филиалының бөлім басшысы Раушан Мүсірәлиева.

Оқи отырыңыз: Дәрігер тіс күтіміндегі басты қателіктерді атады

Новости партнеров