Шымкентте сумен жабдықтау жүйесі толықтай мемлекет меншігіне өтті

Бұған дейін нысандарды жеке серіктестік басқарып келген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкент қаласындағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелері енді толықтай мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бұған дейін, 2004 жылдан бері бұл нысандарды «Су ресурстары – Маркетинг» серіктестігі басқарып келген. Мемлекеттің бұл компаниядағы үлесі небәрі 22 пайыз болған. Қаржылық мониторинг агенттігі жүргізген тексеру нәтижесінде мұнда шығынға әкелген қаржы операциялары мен серіктес құрылымдармен жасалған күмәнді келісімдер анықталған. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл өзгерістен кейін су тарифі 30%-ға дейін төмендеуі мүмкін. 

«Сумен жабдықтау саласындағы заңбұзушылықтар, оның ішінде Су кодексінің талаптарына сәйкес келмеуі, жекешелендіру кезінде процедуралық ауытқулар және тиімсіз басқару фактілерінің анықталуына байланысты, материалдар нысандарды мемлекет меншігіне қайтару үшін әкімдікке жолданды. 2025 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жекешелендіруді жарамсыз деп тану және оларды бастапқы жағдайына келтіріп, мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Алматыда Арбат аумағы жаңғыртылып, жаңа демалыс аймағына айналады

Новости партнеров