Соңғы бес жылда 18-ге толмаған 12 мыңдай қыз жүкті болған

Алайда 90 пайызға жуығы жұқпалы аурулар жөнінде хабарсыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы 5 жылда елімізде 18 жасқа дейінгі қыздар арасында жүктіліктің 12 мыңға жуық жағдайы тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдыз Ысқақова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол сондай-ақ, жастардың басым бөлігінің адамның иммун тапшылық вирусы туралы білімі төмен екенін атап өтті. Сөзінше, елімізде 15-пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үштен бірі жыныстық тұрғыдан белсенді. Алайда 90 пайызға жуығы жұқпалы аурулар жөнінде хабарсыз. Ал, денсаулық сақтау министрлігінің зерттеулеріне сәйкес, инфекция белгілері бар жастардың 60%-дан астамы медициналық көмекке жүгінбейді екен. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында 12-16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы ұйымдастырылмақ.

«Апта аясында бүкіл ел бойынша жастар денсаулық орталықтары мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында ашық есік күндері, тақырыптық дәрістер, тренингтер мен интерактивті сессиялар, онлайн-вебинарлар өткізу жоспарланған. 12-16 мамыр аралығындағы әр күн жеке тақырыптарға арналады. Олардың ішінде отбасын жоспарлау, әйелдер, ерлер және жасөспірімдер денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға қарсы іс-қимыл және адам папиллома вирусы бар», – деді ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова.

Оқи отырыңыз: Ерсайын Нағаспаев Қостанай облысының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты

 

Новости партнеров