Жарақат алғандардың арасында ерлі-зайыпты жұп пен 20 жастағы бойжеткен бар
Щучинскідегі дәмханада болған жарылыстан зардап шеккен 5 адам Астанаға жеткізілді. Қазір науқастарға Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары медициналық көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрігерлердің мәліметінше, жеткізілгендердің екеуінің жағдайы өте ауыр. Бірінің тыныс алу жолдары қатты зақымданған. Ал екінші науқастың денесінің 35 пайызын күйік шалған. Жарақат алғандардың арасында ерлі-зайыпты жұп пен 20 жастағы бойжеткен бар.
Еске сала кетейік, 4 күн бұрын Щучинскідегі дәмханада болған жарылыс салдарынан 7 адам қаза тауып, 21 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.
«Науқастар ауыр жағдайда жатыр. Бесеудің үшеуі камбустиолгия бөлімшесінде, жансақтсау бөлімсешіндегі 2 науқастың біреуіне тынысы дұрыс болуы үшін арнайы трубка саламыз. Науқастардың денесін 17-35 пайыз күйік шалған», – деді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары Батыр Айтмолдин.
Щучинскіде 4 зардап шеккен адам бар. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. Барлығы жансақтау бөлімінде ем қабылдауда және жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Көкшетау қаласында да 4 науқас жатыр. Олардың да хәлі нашар. Мамандардың мәліметінше, күйік алған науқастарды емдеу ұзаққа созылуы мүмкін.
«Тері зақымданғанда адам инфекцияға және сыртқы әсерлерге өте осал болады. Үлкен көлемдегі күйік кезінде улы заттар қанға сіңіп, бүйректі зақымдауы мүмкін. Сондықтан қажет болса, науқастарды гемодиализге қосамыз. Олардың емі ұзаққа созылады, бір ай емес, бірнеше ай қажет болады», – деді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басқарма төрағасы Ержан Әділбеков.
Оқи отырыңыз: Алаяқтардың жаңа айласы: 8 наурыз қарсаңында арзан гүлге алданбаңыз