Сүйіктісімен жанжалдасып қалған қазақстандық жігіт 15 тәулікке қамауға алынды

elements.envato.com
elements.envato.com

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада қыз бен жігіт жанжалдасып, ер адам бойжеткенге бейәдеп сөздер айтқан. Сол үшін сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды,деп хабарлайды Almaty.tv.тілшісі Aikyn.kz- ке сілтеме жасап.

Астана соттарының ресми Telegram-дағы каналында хабарланғандай, іс ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Істің мән-жайына сәйкес, Ш., қоғамдық орында бола тұра, қызғаныш салдарынан жәбірленуші Н.-мен жанжалдасып, оған былапыт сөйлеп, қоғамға сыйламаушылық білдірген.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.

Н. басқа қызбен хат жазысқаны салдарынан қызғаныш пайда болып, жігіті Ш.-мен жанжалдасып қалғанын, Ш.-ның телефонын сөмкесіне салғанын, содан кейін ол телефонын алу үшін сөмкесін тартып алғанын көрсетті.

Болған оқиға құқықбұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады.

ӘҚБтК-нің 434-бабы  1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Сот Б.-ны ӘҚБтК-нің 434-бабы  1-бөлігімен кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Жаза тағайындау кезінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамға теріс әсер ететін, қоғамды сыйламаушылықты көрсететін және мас күйінде жасалған әрекеттің дәрежесі мен сипаты ескерілді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:  Әйелінен кешірім сұрап, балаларына барды: Kalifarniya әні арқылы татуласқан отбасыны айтты

Новости партнеров