Шымкентте 16 жастағы жасөспірім 5-сынып оқушысын соққыға жықты

Оқиғаға дейін жасөспірімдер арасында жанжал болғаны да белгілі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 16 жастағы жасөспірім 5-сынып оқушысын соққыға жықты. Әлеуметтік желіде тараған видеода белгісіз адамның тапа-тал түсте кішкентай баланы тепкілеп, кейін ештеңе болмағандай кетіп қалғаны анық көрінеді. Полиция бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтады. Сөйтсе, бейнежазбадағы екі бала – көршілес тұратын 10және 5-сынып оқушылары екен. Сондай-ақ  оқиғаға дейін жасөспірімдер арасында жанжал болғаны да белгілі.

«Оқиғаның барлық қатысушылары ата-аналарымен бірге полицияға жеткізілді. Тексеру барысында оқиғаға дейін кәмелетке толмағандар арасында жанжал орын алғаны белгілі болды. Кәмелетке толмағанның ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды», – деді Шымкент қаласы ПД ресми өкілі Бағлан Исатаева.

Оқи отырыңыз: Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін атып өлтірді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров