Сыр елінде қос дипломды мамандар даярланады

Қызылордалық колледж Қытаймен меморандумға қол қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыр өңірінде су ресурстары және электр энергетикасы саласында қос дипломды мамандар даярланбақ. Ол үшін Қытайдың Чунцин қаласындағы кәсіби оқыту колледжімен келісім орнаған, деп хабарлайды Almaty.tv 

Білім саласындағы бірлескен жобаны талқылау үшін қытайлық делегация Қызылордаға арнайы келді. Тараптар мамандарды даярлау және студенттерді бірлесіп оқытуды ұйымдастыру мәселелерін егжей-тегжейлі талқылауды жоспарлап отыр. Ынтымақтастықтың негізгі бағыты – қос дипломды білім беру бағдарламасы. Колледж өкілдері оқу мерзімін, тәжірибелік оқытуды ұйымдастыруды және оқу процесінің өзге де тұстарын тиімді басқару жайын сөз етті. Болашақ мамандарды тәжірибелік тұрғыдан даярлауға да басымдық берілмек. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Келіссөзде әрі қарай практикалық негізде қалай жүзеге асырамыз? Қалай бастаймыз және қанша жыл Қызылордада білім алады, Қытайдың Чунсин қаласында білім алып қос дипломды кадр болып шығу барысын талқыладық. Болашақта осы компанияны да колледждің әлеуметтік серіктестігіне айналдыру бағытында жұмыс жасап жатырмыз», – деді И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінің директоры Абайбек Жүнісов.

Оқи отырыңыз: «Жаяу жүргіншіге назар аудар»: Қостанайлық тәртіп сақшылары жолда бақылауды күшейтті