Сыр өңіріндегі бірнеше кәсіпорынға ауадағы зиянды заттарды анықтайтын автоматтандырылған жүйе енгізілді

Шағын қорапшаға қойылған арнайы құрылғы жауапты мамандарға міндеттелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зауыттардан қоршаған ортаға келер қауіп көп. Осыған дейін өндіріс орындарынан тарайтын зиянды заттардың мөлшерін анықтау мәселе болатын. Сыр өңіріндегі бірнеше кәсіпорынға ауадағы зиянды заттарды анықтайтын автоматтандырылған жүйе енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Таза ауаға тарайтын түтін мен тозаңның да өз есебі бар. Десе де осыған дейін бұл бақылау тоқсанына бір рет жүзеге асатын. Әрі ол едәуір қиындық тудыратын. Енді міне үш бірдей өндіріс орны мониторингтің автоматтандырылған жүйесін іске қосып отыр.

«Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі – өндіріс және өнеркәсіптік объектілердегі процесстерді, оның ішінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларын бақылауды автоматтандыруға арналған кешенді технологиялық шешім. Бұл жүйе өнеркәсіптік нысандардың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға, деректерді үздіксіз жинауға, талдауға және тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», – деді облыс бойынша Экология департаментінің бөлім басшысы Әлішер Шамкенов.

Цемент зауытынан ауаға тарайтын зиянды заттардың мөлшері үш жылдан бері арнайы құрылғының көмегімен анықталып келеді. Әрі ақпарат тәулік бойы үздіксіз «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкіне» тікелей жолданады. Бұл заң талабы ғана емес, ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

«Экологиялық кодекстің мақсаты – уақыты бақылап отыру, яғни АСМ датчиктерін орнатқан кезде 20 минут сайын қадағалаушы мекемелерге ақпарат онлайн беріліп отырады. Ол жерде заң бұзушылық, қашып кету деген мүмкіндік болмайды. Бұл жерде мәселе шектік норма бар, сол нормадан асып кетпеуі керек», – деді цемент зауытының өкілі Гүлзина Оразалиева.

Қазіргі таңда өңірде үш ірі кәсіпорын автоматты жүйені толық орнатқан. Шағын қорапшаға қойылған арнайы құрылғы жауапты мамандарға міндеттелген. Бұл –экологиялық қауіпсіздікті қадағалауға арналған нақты қадам.

Асқар Сәрсенұлы, Төрехан Әділбекұлы, Қызылорда облысы

Оқи отырыңыз: Қайтарылған активтер: Арал ауданында жұқпалы аурулар бөлімшесі ашылды

Новости партнеров