Мұнда ерекше қажеттілігі бар 270 бала сегіз бағыт бойынша қызмет алады
Алматыдағы «Шапағат» орталығында «Тәуелсіздік – Тәңірден» атты патриоттық әндер байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сайысқа орталық бөлімшелерінде қызмет ететін мамандар мен қызмет алушылардан құралған бірнеше топ қатысып, өнер көрсетті. Іс-шараның мақсаты – туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, әлеуметтік ортаға бейімдеу және мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсету. Жиын соңында қатысушыларға дипломдар табысталды.
Айта кетейік, орталық шаһардың бес ауданында жұмыс істейді. Мұнда ерекше қажеттілігі бар 270 бала сегіз бағыт бойынша қызмет алады.
«Бұл байқау 5 мекеменің қызметкерлері мен қызмет алушылар арасындағы және де патриоттық әндер байқауы. Бұл байқаудың мақсаты – әр азаматтың тәуелсіз еліміздің тұрғыны ретінде, патриоттық рухын ояту», – деді «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығының директоры Анар Қабдығалиқызы.
Оқи отырыңыз: Инклюзивті мәдениет: Алматыда "Жүректен жүрекке" фестивалі өтеді