Тараздағы қайғылы жағдай бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктіні қамауға алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тараз қаласының Сүлейменов көшесіндегі дәмханалардың бірінің маңында ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға құмар ойыннан туындаған қарыз мәселесі себеп болуы мүмкін. Мәліметтерге қарағанда, 35 жастағы азамат пен екінші тарап арасында берешекті қайтаруға қатысты келіспеушілік туындаған. Қарсы тарап қарыз үшін көлікті иемденбек болғанда, марқұм оқ атқан, алайда оқ ешкімге тимеген. Кейіннен қарулы азаматтың өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат айтылуда. Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар деген күдікті ұсталып, қамауға алынды.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта жан-жақты, толық әрі объективті зерделеуге бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», – деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Оқи отырыңыз: Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

Новости партнеров