Ол өзін мемлекеттік қызметші ретінде көрсетіп, заңсыздққа барған
Тараз қаласының тұрғыны жалған құжаттар ресімдеу арқылы мемлекеттен заңсыз пәтер алған, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінде тұрғын үй заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижесінде С. есімді әйелдің жалған анықтама ұсынғаны анықталды.
«Ол өзін мемлекеттік қызметші ретінде көрсетіп, Тараз қаласындағы «Ұлы Дала» шағынауданынан мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңсыз екі бөлмелі пәтер алғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Сот-сараптамалық зерттеуінің қорытындысына сәйкес ұсынылған анықтаманың жалған екені белгілі болды.
Прокуратураның нұсқауымен, 22.07.2025 жылы аталған алаяқтық фактісі бойынша Тараз қаласы ПБ-мен ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта аталған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік қорына қайтару жұмыстары жүргізілуде, ол кейіннен тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға беріледі.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Оқи отырыңыз: Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды