Татулық пен мәдени үндестіктің символы: қазақстандық балалар домбырамен күй шертті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Күй шерткен өзге ұлт өкілдерінің балалары жұртшылықты тәнті етті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ассамблея жастары» РҚБ Алматы қаласы бойынша өкілдігі Аlmaty TV арнасымен бірлесіп қазақстандықтардың күнделікті өмірі туралы бейнероликтер сериясын шығарды.

Көпшілік назарына ұсынылған 2-сериядан Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері балалары қазақтың киелі ұлттық аспабы домбырамен күй тартып отырғанын көруге болады.

Күмбірлеген домбыраның қос ішегінен төгілген әуен арқылы олар қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани мұрасын сезініп, ортақ құндылықтарға деген құрметін білдіретіні анық. Бұл сәтті еліміздегі татулық пен бірліктің, мәдениеттер үндестігінің айқын көрінісі деуге де болады.

Домбыра - қазақ халқының ғасырлар бойы сақталып келе жатқан ұлттық аспабы, рухани мұрасының айнасы. Оның қос ішегінен төгілген әр күй халықтың тарихын, тағдыры мен терең философиясын жеткізеді. Домбыра үні ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық болмысты сақтап, барша жұртты ортақ мәдени кеңістікте тоғыстырады.

 Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың ортақ ойыны: асық ату қалай қайта жаңғырып келеді

Новости партнеров