Таза Қазақстан: Түрксіб ауданындағы салынып жатқан мектеп ауласына 500-ден аса көшет отырғызылды

Көгалдандыру жұмыстарын жеке құрылыс компаниясы өз қаражатына жүргізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында Түрксіб ауданындағы жаңадан салынып жатқан мектеп ауласына 500-ден аса көшет отырғызылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көгалдандыру жұмыстарын жеке құрылыс компаниясы өз қаражатына жүргізген. Жоба жоспарына сәйкес, білім ордасының аумағына тек 50 тал егілуге тиіс еді. Алайда компания жасыл желек санын көбейтуді ұсынған. «Келешек мектебінің» ауласына бірнеше ағаш түрі отырғызылды.

 «Мектеп аумағында сәндік бұталар, арша, мойыл, шаған, қарағаш секілді жасыл-желектер егіледі. Олардың қала аумағына жағдайы бейімделген. Ағаштар  мектеп аумағын көркейтіп қана қоймай, оқушылар және маңындағы тұрғындарға да қолайлы экологияны қалыптастырады», – деді құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Дәулет Еламанов.

Оқи отырыңыз: Жас құтқарушы: Алматыдағы мектептердің бірінде клуб ашылды

 

 

 

Новости партнеров