Республика күніне орай алматылықтар жүрекжарды тілектерін білдірді
Көпшілік айтулы мерекеге орай отандастарына ізгі тілектерін жолдап, еліміздің жарқын болашағына деген сенімін білдірді
«Бұл күн - елдігімізді айшықтап, тәуелсіздігіміздің қадірін ұғындыратын ерекше дата». Алматылық азаматтар осылай дейді. Көпшілік айтулы мерекеге орай отандастарына ізгі тілектерін жолдап, еліміздің жарқын болашағына деген сенімін білдірді. Қала тұрғындары елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын, Қазақстанның өркендеп, биік белестерді бағындыруын тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Құрметті отандастар, барлығыңызды Республика күнімен құттықтаймын. Еліміздің тұғыры биік болсын, егемендігіміз мәңгілік болсын! Әр отбасыға тек бақыт тілеймін", - деді қала тұрғыны Мейіржан Нұрлыбек.
"Қадірлі қазақстандықтар! Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын. Отандастарыма зор денсаулық, істеріне табыс, шаңырақтарына шаттық тілеймін", - деп атап өтті Наталья Морозова.
"Республика күні құтты болсын! Барлық қазақ халқына сәттілік өмірінде, көбірек табыс және осы тұрып жатқан елімізге өзіміз қамқор болып, барлығы жақсы бола берсін", - деп қосты Айдар Орынбек.
Оқи отырыңыз: Абай алаңында Республика күніне арналған концерт өтіп жатыр