Шағын бизнес үшін өтпелі кезең: 2026 жылы төлемдегі қателік үшін айыппұл салынбайды

primeminister.kz
primeminister.kz

Биыл 454 мың салық төлеуші оңайлатылған декларация арқылы тіркелді
 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігінің фискалдық саясатын дамыту және ақпараттық жүйелерді цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға құзырлы ведомстволар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кеңесте 2025 жылға арналған мемлекеттік бюджет кірісінің орындалу қорытындылары қаралып, жоспар 100,1%-ға орындалғаны, бюджетке 24,6 трлн теңге түскені айтылды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен 454 мың салық төлеуші оңайлатылған салық декларациясы бойынша өз қызметін растады, ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған 138 мың жеке тұлға тіркелді, оның 122 мыңы бұрын тіркелмеген. Сонымен қатар 7 мыңнан астам бизнес субъектісі жаңа ҚҚС төлеушілер ретінде есепке алынды.

Премьер-министр мемлекеттік органдардың басым міндеті қызмет көрсету ісін дамыту, салық төлеушілерге ашықтық пен әділ көзқарас қалыптастыру екенін баса айтты. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларына негізгі жұмыс қағидаттары белгіленді.

«Әділ, ыңғайлы әрі түсінікті. Салық төлеу үдерісі дәл осылай болуы керек. Ішкі кірістер қызметінің қызметкерлері бизнестің серіктестері әрі кеңесшілері болуы керек. Жауапқа тарту шаралары тек кірісін қасақана жасырғандар үшін қарастырылған. Сондықтан 2026 жыл бүкіл ШОБ үшін өтпелі жыл болады; төлеудегі қателіктер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар өндірілмейді. Сонда кәсіпкерлер бұл жылды өзгерістерге байсалды түрде бейімделу үшін пайдалана алады», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18,0% деңгейінде сақтап қалды

Новости партнеров