Төрт адамды қағып, қашып кеткен: Алматы облысында көлік апатынан жасөспірім көз жұмды

Фото: Алматы облысы ПД
Фото: Алматы облысы ПД

Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында төрт адамды қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа-ке сілтеме жасап.

14 қарашада анықталмаған жүргізуші Есік қаласы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып, төрт жаяу жүргіншіні қағып, кейін жол апаты болған оқиға орнынан қашып кетті.

"Жол апаты салдарынан 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жатқызылды. 15 қарашада таңертең ол алған жарақаттарынан қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде BMW-320I автокөлігін басқарған 18 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Өңір полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. 

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Новости партнеров