Бүгінде полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр
Мектептегі қарапайым сабақтың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Түркістан облысында 5-сынып оқушысы дене шынықтыру пәні кезінде құлап, ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің араласуына қарамастан, жасөспірім ауруханада ота кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Оқыс жағдай Шардара ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы мектепте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, спорт мұғалімі оқушыларды сабақ кезінде далаға алып шыққан.
Бүгінде полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Ал, білім басқармасы пән мұғалімінің әзірге жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлады.
«Мұғалім әзірге жұмыста. Бірақ қазір прокуратураның ұсынымы келді. Осыған байланысты келесі аптада қарап, оны сабақ басталғанға дейін жұмыстан шеттетін боламыз», - деді Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Мұсатаева.
Оқи отырыңыз: Атырауда колледж студенттері жаппай төбелесіп, екі жасөспірім зардап шекті