Күдіктілер 271 млн теңгені қалтасына басқан
Түркістан облысында мемлекеттің қаржысын талан-таражға салғандар сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Анығын айтсақ, өңірдегі ветеринария қызметінің 4 маманы жоқ малды бар деп көрсетіп субсидия алып келген. Олар 100 мың бас ұсақ малды жүйеге жалған тіркеп, құжаттарын қолдан жасаған. Тіпті жымысқы ойларын іске асыру үшін ауыл тұрғынымен сөз байласудан да тайынбапты. Осылайша, күдіктілер 271 млн теңгені қалтасына басқан. Тергеу бұл жайттың бүге-шүгесін анықтағаннан кейін айыпталушыларға сот үкім кесті. Төртеуі 5 жыл 2 ай мерзімге түрмеге жабылса, енді бірінің бас бостандығы шектеліп, кейіннен рақымшылыққа ілінген.
«Мемлекеттің пайдасына 50 млн теңге өндірілді, сонымен бірге 120 млн теңгеге мүлікке тыйым салынды. Түркістан облысы прокуратурасы мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа көзделгенін және ол әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеді», – деді облыстық прокуратураның арнайы прокуроры Ербол Шынәділ.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында өрттің алдын алу шаралары күшейді